Клубты табыңыз

28 Августа 2019 / Еріктілер – жақсылық энергиясы

Еріктілер – жақсылық энергиясы

Әрбір ірі спорттық жобаның жүрегі - ұйымдастырушылардан, көрермендер мен қатысушылардан ғана тұрмайды. Сондай-ақ, бұл қоғамды және өздерін жақсы жаққа өзгертуді қалайтын жас жігіттер мен қыздаран құралған еріктілер командасы. Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. 
 
Дәл осындай еріктілер тобы 3-4 тамыз күндері Алматыда Сайран көлінде өткен Almaty ASTC Triathlon Asian Cup - 2019 – триатлоннан Азия кубогын ұйымдастыруда  өз үлестерін қосып, кубоктың жоғары деңгейде өтуіне бар күштерін салды.  

 


140 студент әр түрлі бағыттарға жауап берген бірнеше топқа бөлінді. Қонақтарды әуежайдан қарсы алу, қонақ үйге орналастыру, экскурсиялар ұйымдастыру, жаттығуларды сүйемелдеу, кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы көмек көрсету – осының барлығы еріктілердің міндетіне кірді. Есесіне жастар шетелдіктермен тығыз қарым-қатынаста болып тілдерін жетілдірді (себебі, жарысқа әлемнің 22 елінен қонақтар келді) және де әлемдік рейтингтегі жетекші атлеттермен жеке танысып, араласуға мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндік кез-келген адамда бола бермейді, келісесіз ғой?! Жапон, корей, ағылшын және басқа да тілдерді жетік білгендерінің арқасында старт қатысушыларымен шынайы достасты.

 


Жастар үшін  жарыс күні ең басты сынақ алаңы болды. 140 адам жүзу, вело  және жүгіру кезеңінде, транзиттік және фиништік аймақтарда өз позицияларына орналасты. Әрбір ерікті қатысушыларға қолдау білдіріп, жеңіске жетулеріне көмек қолдарын созды. 


Азия триатлон конфедерациясы (ASTC), Қазақстан триатлон федерациясы және Almaty Triathlon Federation ҚБ барлық еріктілерге өте жақсы жұмысы үшін алғыс білдіреді. Сіздердің арқаларыңызда Almaty ASTC Triathlon Asian Cup – 2019 триатлоннан Азия Кубогы жоғары деңгейде өтті. Рахмет!
 

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
09.09.2019

Лондон-2012 Олимпиада чемпионы және "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ө...

05.09.2019

Лозанна қаласында 29 тамыз күні триатлоннан маусымның ең басты оқиғасы - әлемдік серияның Гранд-ф...

28.08.2019

Әрбір ірі спорттық жобаның жүрегі - ұйымдастырушылардан, көрермендер мен қатысушылардан ғана тұрм...

27.08.2019

Almaty Triathlon Federation құрамасының мүшесі Ануар Тұрыбаевты, Павлодар қаласында өткен триатло...

14.08.2019

2019 жылдың 15 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін тр...