Клубты табыңыз

12 Июля 2019 / Чемпиондардың отбасы

Чемпиондардың отбасы

15 жасар Александр Тен толық емес екі ай ішінде үш ірі жарыстарды: Қазақстан, Азия және Орталық Азия чемпионаттарын, бірінен соң бірін қатарымен жеңіп, тұра мағынада триатлонға енді. Егер Қапшағайдағы сәттілік айтарлықтай жағымды тосынсыйлық болса, онда кореялық Кенджу қаласындағы жеңісі бомба жарылғандай әсер қалдырды! Ал жақында ғана оның Шолпон-Атадағы оңай келген алтын алқасы, біздің болжамдарымызды нақты дәлелдеді: Қазақстанда жаңа триатлон жұлдызы өсіп келеді.

- Осындай  болашағы зор триатлет қайдан келді?


-Регбиден,- деп Орталық Азиядағы триатлон чемпионатынан енді ғана оралған жас чемпион  қарапайым жауап береді. - Мен регбиді рахатпен ойнап жүріп, басқа спорт түріне бармаймын деп ойладым. Бірақ бір жыл бұрын әкем маған өзімді триатлонды сынап көруге кеңес берді. Алматы қаласындағы іріктеуден өтіп, бірінші орынға ие болдым. Маған қатты ұнады. Осылай басталып кетті…


- ... Сонда, бір жылдан соң, сіз бірден Азия Чемпионатын ұтып алдыңыз ба?


- Мен көп жаттықтым. Бапкерім Максим Мазур, менің дайын екенімді айтты. Егер ол мені Азия Чемпионатына апара жатса, онда ол менің шынымен де дайын екенімді білдіреді деп ойладым. Қашықтыққа шықтым – мен үшін бәрі оңымен болды.


- Ия, кореялықтар мен жапондықтар - Азия триатлонының көшбасшылары, менің оларды қалай ғана озып кеткеніме әлі күнге дейін таңданып жүрмін. Сіз оған қалай қол жеткіздіңіз? Сіз үшін қандай кезең шешуші болды?


- Шындығын айтқанда, мен жақсы жүзе алмаймын. Бірақ алғашқы қатармен бірге жүзіп шықтым. Велосипедпен Корея мен Гонконгтан қатысқан спортшыларды қуып жетіп алдым. Олармен бірге педальды айналдыру ыңғайлы болды. Біз бірге жүгірдік. Мәреде мен кореялық спортшыны озып шықтым.


- Бапкеріңіз сізге мәреден соң не деді?


- Ол мақтады: «Жарайсын! Мен сені мақтан тұтамын. Бірақ бұл әлі шектеу емес. Біз тағы да жаттығамыз. Алда сені әлі талай көптеген жетістіктер күтіп тұр.


- Сіз неге ұмтыласыз?


- Әзірше бір ғана мақсат – ол триатлонмен кәсіби түрде жаттығу және жаттықтырушының барлық тапсырмаларын орындау. Менің үлкен жоспарларым бар. Себебі, мен әлі маңызды ештеңеге қол жеткізе алмадым.  Әзірше супер спринтте жасөспірім ретінде, өзім секілді 15 жастағы жасөспірімдер арасында жүрмін. Енді спринтке өтсем, сосын «олимпиадаға» барамын. Барлығы біртіндеп жасалуы керек …


Бір қызығы, Александрдың ата-анасы кәсіпқой спортшылар. Валихан Тен - Азия, Еуропа және әлем бойынша пауэрлифтинг чемпионы, бодибилдингтен Қазақстан чемпионы, Алматы триатлон федерациясының қамқоршылар кеңесінің мүшесі және Қазақстан ММА Федерациясының бас директоры болып табылады.


Ольга Тен (бойжеткендегі тегі Сокомнина) – гимнастикадан спорт шебері, сырықтағы жаттығу мен тіректі секiріс бойынша Азия Чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан кубогының лауреаты, бұқалаудағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионаттарының, Еуропа мен Азияның қатысушысы.


Ата-анасы спорт саласында талай жетістіктерге жетті, алайда үлкен ұлының жеңісі оларды қатты шабыттандырды ...


«Шынымды айтсам, қазақстан триатлон федерациясының бас хатшысы Максим Крят маған ұлым Кореяда жеңіске жетті деген хабарды телефон арқылы айтқанда, бақыттан көзіме жас келді», - дейді Валихан Тен. - Мен бірдеңе ұтып алған кезде де, ешқашан осындай эмоцияларым болған емес. Жеңіп, келесі күні ұмытып кететінмін. Мен Кенджудегі Сашаның осы жеңісін ешқашан ұмытпаймын. Мен оны күткенмін бе? Иә. Мен Александр Теннің әкесі ғана емес, сонымен бірге Алматы триатлон федерациясының қамқоршылық кеңесінің мүшесі, сондықтан мен оны спортшы ретінде бірінші кезекте көремін. Қазақстан чемпионатында ол осындай үлкен маржаны ұтып алған кезде мен түсіндім: оның жас тобында теңі жоқ. Ұлымның Азия чемпионатына бару туралы сұрақ туындаған кезде мен Крятқа: «Максим, мен сенімдімін, Саша сенің үмітіңді ақтайды» - дедім.


Ольга Теннің айтуынша, Саша өте тәртіпті және еңбекқор жігіт. Ол түсінеді: спортпен шұғылданудан жетістіктерге қол жеткізу үшін, жаттықтырушыны тыңдау керек. Жаттықтырушы «жүз» десе - ол тапсырманы аяқтамайынша жүзу керек екендігін.


«Бала кезінен бастап мен оны барлық секцияларға қатыстырдым, бірдеңені көруге уақыты болмай қалады ма деп қорқып кеттім», - деп Ольга күледі. - Гимнастика түсінікті, бұл біздің отбасымызда талқыланбайды. Ол кез-келген спорт түрінде көмекші. Оған қоса Саша коньки тебу, футбол, жүзу, каратэ, суға сүңгу, жеңіл атлетика, регбиге де қатысып көрді... Әр жерде ол жақсы қадамдар көрсетті.

Мысалға, ол  жүгіре бастады  - өз жасындағы қала чемпионатын жеңіп алып, әрі қарай Қазақстан чемпионатына аттанып онда жеңімпаз атанды. Регбиде ол команданың капитаны болды ... Кейде қатарымен бірнеше спортпен айналысты. Бірақ таңдайтын уақыт келгенде, ол өзі әдейі триатлонға тоқтады. Мен әрқашан оның барлық спорттық өнер көрсетілерін көріп, оның жеңістерін армандадым. Енді, міне менің көз алдыма елестеткен армандарым, шынымен орындалды. Мен, шынымен, гимнастикаға көпке жете алатын едім, бірақ мен толығыменөз әлеуетімді жүзеге асыра алмадым. Бірақ қазір мен өте қуаныштымын!


Айтпақшы, Тен спорт отбасында тағы екі спортшы өсіп келеді. Он жасар Арлан - регбиден еліміздің вице-чемпионы, Алматы қаласының «Азиаспорт» командасының капитаны. Триатлоннан да өзін сынап жүр... Жеті жасар Айлин әзірше іздеуде: гимнастика, би, фортепиано ... Ата-анасының айтуынша, ол көрермендер алдына шыққанды өте жақсы көреді.


Табиғат чемпиондардың балаларында дем алады деп айтады …

 

- Генетика туралы айтатын болсақ, осының барлығы Олядан. «Мен табиғи түрде генетикалық дарынды емеспін, - дейді Валихан. - Өмір бойы спортпен шұғылдана отырып, ересек өмірде ғана сәттілікке қол жеткіздім. Оған себеп мен спортпен таза түрде шұғылданған жоқпын, жәй өзім үшін әуесқойлық болды... Ал, біздің балаларымыз, әсіресе ұлдар, менің сезуім бойынша, спорт  айналысында біраз жетістіктерге жетеді. Оларда ең бастысы бар – ол мінез!


- Кім, таң қалармын: анасы немесе әкесі? - Мен Валиханға қызығамын.

- Кіші ұлымның мінезі өзімдікіндей жарылғыш. Арлан - эмоционалды, егер бірдеңе болса, ренжуі мүмкін. Ол бұйрық бергенді ұнатады. Жауынгер. Үлкені - байсалды, сабырлы, Оля секілді. Әр нәрсенің өз орнымен болғанын қадағалайды. Саша - жақсы орындаушы.

 

Сондықтан, жаттықтырушылар оны өте жақсы көреді. Ол сондай-ақ өздерінің амбицияларына ие, бірақ олар ойластырылған. Екі ұлымның спорт саласында теңдей келешегі зор болатынына сенемін. Мен де триатлонмен қызығамын. Бірақ олар мені қуып озып кетеді (күледі). Оларды бәріміз мақтан тұтамыз деп сенімдімін.


Александр Трофимов, фотосурет Роман Егоров және almatytriathlon.org, Алматы (https://time.kz/articles/sport/2019/07/03/semya-chempionov)

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
14.08.2019

2019 жылдың 8 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін три...

08.08.2019

Бүгінде Алматыда Азия триатлон өміріндегі тарихи оқиға болып өтті. Орталық-Азиялық Триатлон ассоц...

07.08.2019

2019 жылғы 3-4 тамызда алматылық Сайран көлінде «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңінің старттары бо...

06.08.2019

2019 Almaty ASTC Triathlon Asian Cup сайысында Аустрия. Венргия, Германия, Гонконг, Иордания, Қаз...

12.07.2019

15 жасар Александр Тен толық емес екі ай ішінде үш ірі жарыстарды: Қазақстан, Азия және Орталық А...