Клубты табыңыз

08 Августа 2019 / Азия триатлон өміріндегі тарихи оқиға – САТА Екінші конгресі

Азия триатлон өміріндегі тарихи оқиға – САТА Екінші конгресі

Бүгінде Алматыда Азия триатлон өміріндегі тарихи оқиға болып өтті. Орталық-Азиялық Триатлон ассоциациясының Екінші конгресі (Central Asian Triathlon Association - CATA) өткізілді, оның құрамына Қырғыз Республикасының, Өзбекстанның және Қазақстанның ұлттық триатлон федерациялары кіреді.

 

САТА президенті Ғалымжан Есеновтың төрағалық етуімен өткен конгреске САТА мүшелері – Өзбекстанның Триатлон федерациясының бірінші вице-президенті Фаррух Насыров, Қырғыз Республикасының Триатлон федерациясының президенті Чынгыз Алакнов және САТА бас хатшысы Максим Крят қатысты. Сонымен қатар конгреске құрметті қонақтар шақырылды, олардың ішінде Иран Ислам Республикасының Триатлон Федерациясының президенті Махди Гаудзари (Mahdi Goudzari) және Ауғанстан Ұлттық триатлон федерациясының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары Насер Ахмади (Naser Ahmadi). 

 

Отырыс жұмысының қорытындылары бойынша ең жақын болашаққа арналған негізгі мақсаттар белгіленді, нақты міндеттер қойылды, ұйым жұмысының бағытын айқындайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

 

Ассоциация жоспарларында Азия құрылығында тритлонды дамыту мен насихаттауда Орталық-Азия өңірін көшбасшы өңірлердің біріне айналдыру. Бұл үшін бүкіл медиа-кеңістікте САТА қызметін толыққанды жарыққа шығару, нормативтік-құқықтық базаны жасау, САТА әрбір қатысушы елінің 1%-ға дейінгі халқын триатлонмен айналысуға тарту, және, соңында, әлемдік Топ-30 және әлемдік Топ-5 рейтингтеріне кіретін кәсіби триатлеттер мен паратриатлеттерді дайындау жоспарланады.

 

Ауғанстанның Ұлттық триатлон федерациясының және Иран Ислам Республикасының Триатлон федерациясының САТА құрамына кіруін Конгресс мүшелері бірауыздан дауыс берген маңызды шешімдердің бірі деп айтуға болады.


Бірауызды шешіммен Фаррух Насыров САТА вице-президенті болып, ал Чынгыз Алканов САТА аға вице-президенті болып сайланды. Сондай-ақ делегаттар Құқықтық комитетті, Медиялық комитетті, Жарыстарды өткізу жөніндегі комитетті және Паратриатлон комитетін құру туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Жаңадан құрылған комитеттер жұмысының басталуы ретінде САТА ресми веб-сайтының домендік атауы бекітілді – www.catatriathlon.org.

 

Бәлкім, САТА аясында бірінші жарыстарды өткізу күндерін белгілеу отырыс жұмысының ең басты шешімі деуге болады. Триатлон бойынша бірінші жарысты өткізу 2019 жылғы 5 қазанға жоспарланған. Бұл тарихи старттың басты ерекшелігі – оның трансұлттық болуы, яғни, жарыс Шымкент қаласында (Қазақстан) 1.1 шақырымда жүзу кезеңінен басталады, әрі қарай атлеттер Шымкенттен Өзбекстан астанасына дейін 121 шақырым жол жүреді және де жарыс Ташкент көшелері бойымен 11 шақырым жүгірумен аяқталады. 

 

Делегаттар түсіндіргендей, мұндай шешім Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай қабылданды. САТА паратриатлон бойынша алғашқыі стартты ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақтауда бірінші Азия Кубогы шеңберінде өткізуге шешім қабылданды. Ауқымды тарихи іс-шараларға тіркеу САТА ресми сайтында жуық арада қолжетімді болады.

 

САТА Қазақстан Триатлон федерациясының президенті К.К. Мәсімовтың бастамасымен 2018 жылы ұйымдастырылды.
 

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
14.08.2019

2019 жылдың 8 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін три...

08.08.2019

Бүгінде Алматыда Азия триатлон өміріндегі тарихи оқиға болып өтті. Орталық-Азиялық Триатлон ассоц...

07.08.2019

2019 жылғы 3-4 тамызда алматылық Сайран көлінде «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңінің старттары бо...

06.08.2019

2019 Almaty ASTC Triathlon Asian Cup сайысында Аустрия. Венргия, Германия, Гонконг, Иордания, Қаз...

12.07.2019

15 жасар Александр Тен толық емес екі ай ішінде үш ірі жарыстарды: Қазақстан, Азия және Орталық А...