Клубты табыңыз

07 Августа 2019 / Алматыда «TEMIRADAM» кубогы шеңберінде триатлон бойынша халықаралық жарыстар аяқталды

Алматыда «TEMIRADAM» кубогы шеңберінде триатлон бойынша халықаралық жарыстар аяқталды

2019 жылғы 3-4 тамызда алматылық Сайран көлінде «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңінің старттары болып өтті. Қазақстан Триатлон федерациясы ұйымдастырған бұл жарыстар Қазақстанның барлық өңірлерінде кезең-кезеңмен өткізіледі, мәрелік бөлігі Каспий жағасында Ақтауда күз мезгілінде болып өтеді. Кубок ойындарына IRONMAN әлемдік чемпионаттағыдай, 18 жастан 60+ жасқа дейінгі әуесқой триатлеттер ғана қатысады. 


Алматыға Грузиядан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Оңтүстік Кореядан 182 жеке спортшы және 10 команда (үш адамнан) келді. Спортшылар «олимпиадалық дистанцияда» жарысты (1500 м жүзу + 40 км вело + 10 км жүгіру).


Қазақстанның оңтүстігінде найзағай алдында жиі болатындай, Сайран көлі триатлеттерді ыстық және қапырық ауа райымен қарсы алды. Десе де, жарыс жоғары жылдамдықтармен өтті. Ерлер арасында барлық кезеңдерде ең тәжірибелі триатлет пен жаттықтырушы, көп мәрте Ironman Павел Артюшенко (Алматы) тұрақты көшбасшы болды. Оның артынан атақты спортшылар Максим Мазур, Максим Мжельский (екеуі де оңтүстік астанадан) және мәскеулік Арсений Елисеев тіпті қалмай келді. Алайда, Артюшенко жылдамдығын бұдан да арттырып, нәтижесінде жалғыз көшбасшы атанды – ол 2 сағат 09 минут және 55 секунд ішінде жарысты бірінші аяқтады. Өзінің жас мөлшері санатында жеңістен басқа, Павел абсолютті жеке есепте де жеңімпаз атады.


Әйелдер стартындағы жеңісте тағы да тәжірибе үстем болды. Атақты алматылық триатлет Екатерина Шатная жарысты бірінші болып өтті. 2004 Олимпиадалық ойындардың қатысушысына, «алмаз ханымға» (Гавайяда IRONMAN әлем чемпионатынан өткен әйелдерді осылайша атайды) өзінің барлық қарсыластарын басып озу оңай болды. Екатеринаның нәтижесін көптеген ерлердің жетістіктерімен салыстыруға болды: 2 сағат 27 минут 08 секунд. 


Эстафеталық командалар арасында 2 сағат 08 минут 02 секунд нәтижесімен AlmatyBroTeam (Алматы) ең үздік болып атанды.
Қалған жас мөлшері санаттарында жеңіске мыналар жетті:

Ерлер
M18-24 Диас Кунтуаров (Нұр-Сұлтан): 02:34:35; M25-29 Максим Мжельский (Алматы): 02:17:45; M30-34 Арсений Елисеев (Мәскеу, Ресей): 02:09:55; M35-39 Михаил Кувшинников (Алматы): 02:15:50; M45-49 Владислав Копбосунов (Алматы): 02:31:45; M50-54 Талгат Жумагалиев (Алматы): 02:38:41; M55-59 Дандыбай Алимбаев (Шымкент): 02:57:51. 


Әйелдер
F25-29 Алена Уварова (Коркино, Ресей): 02:47:05; F30-34 Анастасия Чёрная (Запорожье, Украина): 02:40:12; F35-39 Дина Шаймерденова (Алматы): 02:37:43; F45-49 Kim Kyungsook (Оңтүстік Корея): 03:01:58; F55-59 Алия Айтказина (Алматы): 03:36:20. 
Жарыстардың барлық нәтижелерімен Сіз www.triathlon.org.kz сайтында таныса аласыз.
 

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
14.10.2019

2019 жылдың 15 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7-23 жас аралығындағы спортшылар үшін триатл...

14.10.2019

Almaty Triathlon Federation құрамасы Екінші Алматы жартылай марафонына қатысты. 13-қазанда біздің...

10.10.2019

2019 жылы 10 қазанда "Almaty Triathlon Federation" ҚБ федерациясының жаттықтырушыларын және спорт...

09.09.2019

Лондон-2012 Олимпиада чемпионы және "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ө...

05.09.2019

Лозанна қаласында 29 тамыз күні триатлоннан маусымның ең басты оқиғасы - әлемдік серияның Гранд-ф...