Клубты табыңыз

26 Марта 2019 / Алматы интернаттарының және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне триатлон тегін түрде үйретілуде

Алматы интернаттарының және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне триатлон тегін түрде үйретілуде

Алматыда мектеп-интернаттардан және балалар үйлерінен 120 балалар жүзуді, жүгіруді және велосипед айдауды үйреніп жатқан MY WIN жобасының III кезеңі өтуде. 


MY WIN жобасы Алматы триатлон федерациясының қолдауымен Champ1on жеке қайырымдылық қорымен амалға асырылуды.  

 


- Іс-шарамыздың мақсаты – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға спорттық іс-шараларға қатысу мүмкіндіктерін беру, осы арқылы олар өздерін  қоғамға қажеттілігін сезіну, сау және өзіне сенімді болып өсу, - деп,  Champ1on қорының президенті Любовь Пак айтты. – 2018 жылы біз жобаның екі кезеңін өткізіп үлгірдік. Үш ай бойы, күн сайын біздің бапкерлер - Евгений Азарьев (жүзуден ҚР СШ, Ironman), Дмитрий Хан (жүзуден ҚР СШ, Ironman), Александр Мен (жүзуден ҚР СШ) – баларға толықтай тегін триатлон даналықтарын үйретті. Біз екі чемпионат өткіздік, және олардың қорытындылары бойынша барлық балалар  (әрбір чемпионатта 120 баладан) жүлделерге ие болды – велосипедтер және жазғы сауықтыру лагерлеріне бару жолдамалары. 

 


Биылғы жылы бапкерлер құрамы тағыда төрт триатлон шеберлерімен толықты.  Балаларға көмек көрсетуге World Class Almaty бапкерлері өздігемен қосылды -  жүзуден халықаралық деңгейдегі спор шебері Юлия Синицына, су добынан спорт шеберіне үміткер  Эдуард Сафиуллин, велоспорттан спорт шебері Никита Федотовских және синхронды жүзуден спорт шебері Аяулым Маштиева.

 


Жаттығуларда үш балалар тобы қатысуда – №1 есту және сөйлеу қабілеті  нашар балаларға арналған арнайы жалпы білім-беру мектебінен 42 бала, Алматы облысының №1 балалар үйінен 35 бала және №17 Алматының тұрмысы төмен жанұяларының балалары үшін мектеп-интернатының 40 тәрбиеленушілері.


Кішкентай атлеттер 24 мамырға дейін жаттығатын болады,  содан кейін олар акватлон және триатлон жарыстарына қатысады. Сыйлықтар әлдеқашан дайындалған!
 

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
14.08.2019

2019 жылдың 8 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін три...

08.08.2019

Бүгінде Алматыда Азия триатлон өміріндегі тарихи оқиға болып өтті. Орталық-Азиялық Триатлон ассоц...

07.08.2019

2019 жылғы 3-4 тамызда алматылық Сайран көлінде «TEMIRADAM» кубогының VIII кезеңінің старттары бо...

06.08.2019

2019 Almaty ASTC Triathlon Asian Cup сайысында Аустрия. Венргия, Германия, Гонконг, Иордания, Қаз...

12.07.2019

15 жасар Александр Тен толық емес екі ай ішінде үш ірі жарыстарды: Қазақстан, Азия және Орталық А...