Клубты табыңыз

02 Июля 2019 / Александр Винокуровты құттықтаймыз!

Александр Винокуровты құттықтаймыз!

Almaty Triathlon Federation қамқоршылар кеңесінің мүшесі атақты чемпион Ironman триатлон Әлем Чемпионатына лицензия жеңіп алды!

 

Осы демалыс күндері Ниццада өткен «Ironman» турнирінде Astana Pro Team  бас менеджері, велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров өз жас санатында (7 сағат 55 минут) бірінші орынды қанжығасына байлап, Каилуа-Конада (Гавайи, АҚШ) өтетін Ironman-ге қатысуға лицензия жеңіп алды.

 

Винокуров үшін бұл өміріндегі екінші Ironman триатлон әлем Чемпионаты болмақ. Өткен жылы Александр вело кезеңді жеңіп алып, жалпы есепте өзінің жас санатында7-орын иегері атанған болатын.

 

Ironman маусымының басты старты жыл сайын Гавайиде өткізіледі. Аталмыш Чемпионатқа Ironman турнирлерінен жыл бойы жүлделі орын алған қатысушылар ғана қатыса алады. Гавайиде барлық қатысушыларға дәстүрлі түрде жүзуден 3,8 шақырым, 180 шақырым велокезең және де 42, 195 шақырым жүгіру кезеңдерін бағындыруға тұра келеді.

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
09.09.2019

Лондон-2012 Олимпиада чемпионы және "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ө...

05.09.2019

Лозанна қаласында 29 тамыз күні триатлоннан маусымның ең басты оқиғасы - әлемдік серияның Гранд-ф...

28.08.2019

Әрбір ірі спорттық жобаның жүрегі - ұйымдастырушылардан, көрермендер мен қатысушылардан ғана тұрм...

27.08.2019

Almaty Triathlon Federation құрамасының мүшесі Ануар Тұрыбаевты, Павлодар қаласында өткен триатло...

14.08.2019

2019 жылдың 15 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін тр...