Клубты табыңыз

05 Сентября 2019 / Қазақстандықтар триатлоннан Әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті

Қазақстандықтар триатлоннан Әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті

Лозанна қаласында 29 тамыз күні триатлоннан маусымның ең басты оқиғасы - әлемдік серияның Гранд-финалы (2019 ITU World Triathlon Grand Final) болып табылатын әлем чемпионаты басталды.


Лозаннаның "Стандартты" дистанциясы осы категориядағы 64 қатысушының барлығына бірдей бағына қоймады. Қазақстандық құрамада үздік нәтиже 25-ші орынға табан тіреген Темірлан Теміровке тиесілі, оның мәреге жету уақыты - 1 сағат 55 минут және 22 секунд. Аян Бейсенбаев 1 сағат 57 минут және 37 секунд көрсеткішпен қорытынды хаттаманың 38-ші жолына орнықты. Семен Пивоваров жарысты 1 сағат 59 минут және 41 секундпен 42-ші нәтижемен аяқтады.


"Алтын" испандық Роберто Санчес Монтеконға бұйырды. Екінші орынды Венгриядан келген Ксонгор Леман 1 сағат 50 минут және 36 секунд нәтижесімен қанжығасына байлады. Үштікті көшбасшыға 30 секунд айырмашылықта жол беріп қойған Израильдық Сагив түйіндеді. Тағы бір қазақстандық Даниил Зубцов "спринтерлік" дистанциясында (750 метр жүзу, 20 шақырым вело және 5 шақырым жүгіру) Әлем чемпиондары атағына таласты. Зубцов жарысты бастаған 70 жасөспірімдердің арасынан 56-шы орынға табан тіреді.


"Ашығын айтқанда, біздің спортшылар жарыста ойдағыдай өнер көрсетпеді. Олардың  қабілеттері бұданда жоғары нәтижеге жететін еді. Маусымның негізгі қателігі спартакиадаға барынша көңіл бөлу болды, әрине ол жерде маусымның үздік нәтижелерін көрсетті. Үй спартакиадасында орын алған жоғары бәсекелестік олардың соңғы күштерін алып, спортшыларымызға әлем чемпионатында шынайы күштерін көрсетуге мүмкіндік бермеді. Мәселені шешімі - бұл құраманың маусымның негізгі жарыстарына дайындалуы. Алайда бұл бапкерлер штабы өзара келісіп, ортақ тиімді шешімге келген жағдайда ғана іске аспақ", - деп қорытындылады бас жаттықтырушы Андрей Глущенко.
 

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
25.10.2019

Қазақстанның триатлеттері үшін "жабық кезең" басталды. Қараша, желтоқсан, қаңтар және ақпан айлар...

23.10.2019

2019 жылды аяқтаушы спорттық оқиға!

 

Жабық бөлмелердегі триатлон бойынша Алм...

17.10.2019

Өзбекстан астанасында Орталық Азия триатлон қауымдастығы (Central Asian Triathlon Association-CAT...

14.10.2019

2019 жылдың 15 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7-23 жас аралығындағы спортшылар үшін триатл...

14.10.2019

Almaty Triathlon Federation құрамасы Екінші Алматы жартылай марафонына қатысты. 13-қазанда біздің...