Клубты табыңыз

04 Июля 2019 / Қазақстандық «Темір аналар» триатлоннан әлемнің ең экстремалды жарысын бастады

Қазақстандық «Темір аналар» триатлоннан әлемнің ең экстремалды жарысын бастады

2019 жылдың 2 шілдесінде Лондон уақыты бойынша сағат 02:00-де қазақстандық төрт триатлоншы – «IronMoms KZ» («Темір аналар») командасы, Эльфира Дудник, Елена Кун, Мадина Құрманбаева мен Анель Сытдықова ультра-триалонның «EnduromanArchtoArc» экстремалды түрінен жарысты бастады.


Бұл дистанцияны «әлемдегі ең сұмдық» дистанция деп атайды. Спортшылар Лондондағы Мәрмәр қақпасынан басталып, Париждегі Триумф аркасында аяқталатын 480 километрге жуық дистанцияны еңсереді. Этап төмендегі ретте жүргізіледі: қатысушылар Лондоннан Дуврға дейін жүгіріп (140 км), сосын Ла-Манш бұғазын жүзіп өтіп (около 36 км), әрі қарай Парижге велосипедпен аттанады (290 км).


Дәл сол Ла-Маншта (Ағылшын каналы) соңғы үш жылда екі спортшы қайтыс болғаны белгілі. 45-жастағы британдық Ник Томас 2014 жылы дистанцияны 80 сағат 50 минутта кесіп өткесін, 2016 жылдың жазында өз жетістігін қайталамақ болады, алайда мәреге жақын қалғанда есінен танып, ауруханада қайтыс болды. Бір жылдан соң оқиға қайталанып, 44-жастағы ағылшын триатлоншысы Дуглас Уэймарк қайтыс болды. ArchtoArc-ты тарихта бірінші рет британдық Эдгар Этте 81 сағат 5 минутта аяқтаған болатын. Аталмыш оқиға 2001 жылы орын алды. Қазір Эдгар — EnduromanArchtoArc директоры және ұйымдастырушысы. 

 


 «ArchtoArc»-ке тіркелу үшін спортшылар жүгіруден, жүзуден және велосипед тебуден тәжірибесі болу керек және оны құжатпен дәлелдеуі керек. Сонымен қатар, олар 16°С-тен төмен температурада жүзуден алты сағаттық тест тапсырулары қажет.


 - Мұндай шектеулерге қарамастан, EnduromanArchtoArc триатлонына деген сұраныс жоғары және қатысушылар кейде өз кезектерін бір немесе екі жыл күтеді. Жарыс ережесі өте қатаң – рефери триатлоншыларды жол бойы бақылайды, - деп Елена Кун телефон арқылы Алматы триатлон федерациясының баспасөз хатшысына хабарлады.

 

 
Триатлонның басталуы Ла-Манш бұғазындағы ауа-райына байланысты болғандықтан спортшылар соңғы уақытқа дейін старттың қашан басталатынын білген жоқ. Триатлон ұйымдастырушылары маршрут басталғанға 20 сағат қалғанда хабарлады. 
2 шілдеде «Темір аналар» Дуврде жүгіруді тоқтатты. «Біз жүгіруді аяқтадық! Енді бізге күш-жігер мен сабыр керек. EnglishChannel, бізге әдеттегіден сәл жұмсағырақ бол!». 

 

3 шілдеде қазақстандық триатлоншылар Ла-Маншты жүзіп өтті! Елена Кунның айтуынша: «Бұл менің өмірімдегі ең ұмытылмас түн болды! We did it!». Қазір қыздар EnduromanArchtoArc соңғы кезеңіне – Франциядағы велоэтапқа келді.

 

«Бізді Европада тұрып жатқан отандастарымызбен қатар, жүздеген француздар мен ағылшындардың қолдап жатқанына қуаныштымыз. Бұл қазір триатлонның әлемдегі ең танымал спорт түрлеріне жататын көрсетеді!», - деді Елена Кун. 

К ДРУГИМ СОБЫТИЯМ
09.09.2019

Лондон-2012 Олимпиада чемпионы және "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ө...

05.09.2019

Лозанна қаласында 29 тамыз күні триатлоннан маусымның ең басты оқиғасы - әлемдік серияның Гранд-ф...

28.08.2019

Әрбір ірі спорттық жобаның жүрегі - ұйымдастырушылардан, көрермендер мен қатысушылардан ғана тұрм...

27.08.2019

Almaty Triathlon Federation құрамасының мүшесі Ануар Тұрыбаевты, Павлодар қаласында өткен триатло...

14.08.2019

2019 жылдың 15 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін тр...