Клубты табыңыз

Триатлон туралы

О триатлоне

 

Қазіргі триатлон тұжырымдамасы ХХ ғасырдың басында Францияда пайда болған.  «L’Auto» газетінде «LesTroisSports» деп аталатын жарыс туралы хабарланды, оны шарты бойынша үш кезеңнен өту керек болды: 3 км – жүгіру дистанциясы, 12 км – велосипедпен жарысу және Марна арнасын жүзіп өту. Барлық үш бөлігі де ешқандай үзіліссіз өтілетін. Уақыт өте келе асуға қажет қашықтықтар ұлғайтылды. 

Қазіргі кезде Олимпиадалық бағдарламаға кіретін триатлонының ең танымал модификациясы болып құрамына жүзу кезеңі, веложарыс және жүгіру сайысы кіретін бағдарлама табылады. Триатлонның жеке спорт түрі ретінде дамуының ең басында жүзу кезеңі аяқтаушы болатын. Веложарыс пен жүгіруден шаршаған атлеттер суда деала алады деп көзделген. Жарыстарға қатысатын спортшылардың саны артқан сайын атлеттің өмірі үшін қауіп төндіретін жағдайлардың саны көбейді. Жүгіру мен велосипедпен жүруден шаршаған бұлшық еттер құрысып қалатын. Сондықтан да жүзу кезеңін жарыстардың басына қою туралы шешім қабылданды.  
 

Жарыс кезеңдері 

 

Жүзу 
Жарыстар жүзуден басталады. Барлық қатысушыларға бірдей жағада, понтоннан немесе тура судың ішінде (ұзақ триатлон кезінде) жалпы старт басталады. Судың температурасы төмен болған жағдайда (IRONMAN триатлонының ережелері бойынша, әдетте 24,5°С-ден жоғары емес) қалындығы 5 мм дейінгі гидрокостюмдерді пайдалануға жол беріледі. Әдетте, жүзу буйлар және арқандармен белгіленген үшбұрыштық маршрут бойынша жүргізіледі. Маршруттың ұзындығын әр өз бетімен қысқарту үшін айыппұлдық ұпайлар есептеледі, дисквалификациялауды қолдану да мүмкін. Спортшылар өздері қалайтын кез келген жүзу стилін пайдалана алады. Көп жағдайларда – бұл кроль стилі. 

 

Велосипед жарысы 
Судан шыққаннан кейін спортшылар транзиттік орында киімдерін ауыстырады, велосипедтерге отырады және велосипедтік жарыс басталады. Қашықтық бойында тамақтану орындары орналасқан, бірақ кәсіпқойлар үшін техникалық көмек көрсетуге тыйым салынған. Қысқа триатлонда әдетте топтық жарыстарға арналған тасжолдық велосипедтер пайдаланылады. IRONMAN триатлонында кәсіпқойлар влоспортта жеке жарыс үшін қолданылатындарға ұқсас велосипедтерді пайдалануды артық көреді. Халықаралық триатлон федерациясының (ITU) ережелері бойынша тасжолдық велосипедтерде рульге орнатылған қысқа «жатақтарды» пайдалануға жол беріледі. «Жатақ» тежеуіш тұтқалардың шеткі бөліктерін қосып тұратын сызықтан шығып тұрмауы тиіс. «Жатақтың» өзінің шығып тұратын бөліктерінің мүлде болмауы тиіс, немесе шығып тұратын бөліктері жалғастырғышпен (пластик ендірме немесе бірнеше қабат оқшаулағыш лентамен) қосылған болуы тиіс. Уақытқа жарысатын велоспорттағы жеке жарыстарда пайдаланылатындарға ұқсас ұзын «жатақтарға» тыйым салынады. Бұл түсінікті де, себебі қысқа триатлонда алда жүріп келе жатқан спортшының арқасына жай ғана жасырынып, өз аэродинамикаңды жақсарту мүмкіндігіне байланысты «жатақтардың» ерекше бір пайдасы жоқ. Олимпиадалық триатлонда веложарыс кезеңінде озып жүруге рұқсат берілген, яғни спортшылар топпен жүре алады. Ironman триатлонында топтасып озып жүруге тыйым салынады, спортшы алда келе жатқан велосипед немесе төрелік машинадан белгілі аралықта (шамамен 10-15 метр) жүріп отыруы тиіс, осылайша, велосипедтің аэродинамикасы маңызды бола түседі.
 

Жүгіру 
Ең басты ереже – спортшы аяқпен жылжуы тиіс. 
Кезеңдер арасындағы ауысу 
Кезеңдер арасындағы тәртіпті сақтау қатаң түрде белгіленген (жүзу -> велосипед -> жүгіру). Спортшылар басқа спортшыларға кедергі келтірмеуі тиіс (өздерінің велосипедтерін дайындау немесе киім ауыстыру кезінде). Олар велосипедтерін тек өздерінің белгіленген алаңшалары шегінде ғана айналымға дейін және одан кейін қолмен көшіре алады. Шлем айналымның алдында киіліп, велосипед арнайы рампаға немесе осы үшін бөлінген орынға қойылғаннан кейін шешілуі тиіс. Киім ауыстыру кезінде жалаңаш тұруға жарыстардың өткізу ережелерінің әлемдік стандарттарына сәйкес тйым салынады.  Велосипед жарысы кезінде нөмірлік белгі спортшының арқасына тағылуы тиіс, жүгіру жарысы кезінде – кеудесіне тағылады. Спортшы әр кезең үшін белгіленген уақыт лимитінен аспауы тиіс.  
 

Жазалаулар 
Жарыстар кезінде спортшылар бір-біріне кедергі келтіруге құқығы жоқ. Егер бұл жүзу кезінде орын алса, онда жарыс аяқталғаннан кейін спортшыны 30 секундқа ұстап қалу қолданылады. Егер мұндай жағдай веложарыс немесе жүгіру кезінже орын алса, онда спортшы сары картамен ескертіледі. Бұдан кейін оған тоқтап, жарысты жалғастыруға рұқсатты күту қажет болады. Қауіпті әрекеттер жасаған кезде немесе қайталап бұзу кезінде спортшы оған қызыл карта берілгеннен кейін дисквалификациялануы мүмкін. Бір кезең барысындағы екі сары карта автоматты түрде қазыл картаға айналады, және спортшы дисквалификацияланады.
Негізі қаланған кезден бастап триатлонның танымалдығы қарқындап өсіп келеді және енді, жыл сайын оған бүкіл дүние жүзі бойынша мыңдаған қатысушысы бар мыңдаған жарыстар кіреді. Адамдарды осы спорт түрімен айналысуға не итермелейді? Біреулер физикалық мінсіздікке ұмтылса, тағы біреулер осылайша күнделікті қайталанатын өмірін түрлендіреді, себептер мыңдаған болуы мүмкін. Бірақ триатлонмен айналысу ісі сіздің өз басыңызға не беретінінін білудің жалғыз ғана дұрыс жолы – ол онымен айналыса бастау.  

Крисси Веллингтон, Ironman сериясындағы триатлон бойынша әлем чемпионы, өз кітабында былай жеп жазды: «Ironman-ды басқа спорт түрлерінен не артық етіп тұр десек, бұл жарыстың ең беріспейтін және қарыспа жау: жарыстың өзімен болатын ішкі табиғаты.  Адамзат табиғаты, оны ең жақсы мен жаман қырлары осы кезде толығымен және айқын ашылады. Ironman барлығын бетіне көтереді. Мәреге жету – жеңіске жету деген сөз. Адамдар жолдың бір шетінде кідіріп жатады, олар өз денелерін бақылау жасай алмай қалады, алда әлі де көптеген шақырым болса да, мәрелік сызыққа жетуге бар жанын салып, есеңгіреген күйге түседі. Қатысушылар аса күшті эмоцияларды басынан кешеді, олар физикалық жағынан да, менталды түрде де өздерінің ішкі сана-болмысына тереңдей түседі. Ал содан кейін өзіңнің мәреге жеткенінді сезінгенде, эйфория мен жеңілдеу басталады.   «Шабыт» – осы күйге крикет немесе футбол ойнай жүріп, жетуге болмайтын күйді сипаттай алатын жалғыз ғана сөз».