Клубты табыңыз

Grace Race

Сұлулық пен спорт мерекесі 


Қазақстанда алғашқы рет әйелдер арасында триатлон бойынша ашық чемпионат өткізіледі  


3 маусымда 18 жастан жоғары 60 қазақстандық триатлет-әуесқойлар GRACE RACE-2018 басты жүлделері үшін күресте кездесетін болады. Алматы Триатлон федерациясы (АТФ) ұйымдастырған алда болатын Алматы ашық чемпионатына осылай аталған. Іndoor (жабық жайларда) жарыстары оңтүстік астананың басты фитнес-клубы World Class Almaty-да таңғы сағат 9-да басталады. Қатысушылар үш кезеңнен тұратын «Супер-спринт» қашықтығынан өтуі тиіс: 400 м – жүзу, 10 км – веложарыс, 3 км – жүгіру. 


- Біздің чемпионаттың басты мақсаты – бұл әйелдер арасында триатлонды танымал ету, насихаттау, - деп әңгімелейді АТФ атқарушы директоры Руслан Когай.

– Біз жалпы спортта және атап айтқанда, триатлонда, гендерлік теңдікке қол жеткізудің игі міндетін жүзеге асырудамыз. Сонымен қатар, біздің федерацияда дәстүрлі міндеттері де бар:  салауатты өмір салтын насихаттау және спорттың осы динамикалық түрін танымал ету. 3 маусым күні біз сондай-ақ, жүзу, жүгіру және велоспорт сияқты спорттық циклдық түрлерін сүюшілерін күтеміз.   
Біздің чемпионатта қыздар өз күшін шынайы тексеріп қана қоймай, федерацияның үздік жаттықтырушыларынан қажет консультацияларын ала алады.    


Чемпионатқа тіркелу 2017 жылдың 28 мамырында (немесе тіркелген қатысушылардың лимиті 60 спортшыға жеткенде) «Алматы марафон» жарыстарының қосалқы ұйымдастырушысының сайтанда  өтетініп атап кетейік.  


Чемпионат туралы толығырақ ережеден оқыңыз.  


Қосымша сұрақтарды мына телефон бойынша қоюға болады: +7 727 346 85 64