Клубты табыңыз

ДУАТЛОН БОЙЫНША ҚР ЧЕМПИОНАТЫ

2018 жылдың 8 сәуірінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасының дуатлон бойынша чемпионаты өтті. Бұл жаңа құрылған Алматы Триатлон федерациясы (АТФ) өткізген республикалық масштабтағы алғашқы шара.   


Қазақстан Чемпионатында атлеттер (еліміздің алты аймағынан келген 140 атлет) екі жарыс түрі бойынша күреске түсті: «Дуатлон-спринт» (5 км жүгіру, 20 км веложарыс, 2.5 км жүгіру) және «Дуатлон-суперспринт» (2 км жүгіру, 8 км веложарыс, 1 км. жүгіру). Қатысушылар екі үлкен топқа бөлінді: PRO (жас санаттары бойынша спортшылар: U15, U17, U19, U23, Elite), сондай-ақ, 18 жастан 60 жасқа дейінгі әуесқойлар (AGE). 


Чемпионат өткінші жауын астында басталды. Дегенмен, көптеген қатысушылар бұған қуанып жатты: бұл ыстық күнде жүгіруден жақсы ғой. Айпақшы, мұндай қолайсыз ауа-райы тас жолдың сапасы мен шараның ұйымдастырылуына ешбір әсер еткен жоқ.


– Еліміздің чемпионаты Алматыда бірінші рет өтіп отыр, бірақ ұйымдастырушылар өз істерін жақсы атқарды, - деді жарыстардың бас төрешісі Сергей Геннадьевич Кобзев (ОҚО). – Менің ойымша, Алматы триатлон федерациясы ең жоғары деңгейдегі жарыстарды толығымен өткізе алады.  
Чемпионат жеңімпаздары болып мыналар жарияланды (жас санаты, уақыты): 
Асатбек Нарметов (U15) - 00.29.30 (Оңтүстік Қазақстан облысы); 
Тимур Баймұрат (U17) - 00.29.05 (Алматы обл.); 
Владислав Артюшенко (U17) - 00.32.43 (Алматы);  
Дарын Қонысбаев (U19, U23) - 01.01.56 (Алматы обл.); 
Анастасия Маврина (U19 U23) - 01.22.18 (Шығыс Қазақстан обл.);  
Максим Крят (Elite) - 01.01.52 (Астана);  
Газиза Кумакбаева (Elite) - 01.20.38 (Алматы).

 

Чемпионаттың абсолюттік есептегі жеңімпаздары (AGE санаты) болған мына спортшылар:
Никита Федотковских – 01.03.55;  
Екатерина Шатная – 01.16.22. 
Медальдардан басқа, бұл спортшылар 120000 теңге сомасына ақшалай сертификаттарға ие болды.  

 

Чемпионат ұйымдастырушылары: Алматы қ. әкімдігі, Алматы Триатлон федерациясы, Қазақстан Триатлон федерациясы, «Алматы Марафон», World Class Almaty.