Клубты табыңыз

АЛМАТЫ ЧЕМПИОНАТЫ

Алматы қаласының Триатлон федерациясы қала құрамасын қалыптастыруға кірісті.   


Қаланың алғашқы чемпионаты екі қашықтық бойынша өтті. 9 жастан жоғары спортшылар акватлонға қатысты (жүзу – 50 м. Жүгіру – 1 км.) 15 жастан 23 жасқа дейінгі юниорларға міндеті күрделендірілді: оларды «Триатлон-суперспринт» қашықтығы (жүзу – 300 м, веложарыс – 8 км, жүгіру – 2 км) күтіп тұрды. 


«Чемпионатқа қатыс – құрама мүшесі бол!» ұраны бүкіл шараға ерекше мәртебе бергендігін атап өту керек. Межеге тек медальдар мен грамоталар ғана қойылған жоқ, юниорлар алдында үлкен спортқа деген жол ашылып тұрды. 


Чемпионаттың бас төрешісі, Алматы қ. аға жаттықтырушысы Павел Артюшенко шараның қорытындыларын жасады:  
- Біз тек Алматы қаласының құрамасын қалыптастырып отырмыз. Бір жарыстың нәтижелері бойынша кімнің негізгі құрамға кіретінін кесіп айтуға болмайды. Құраманың негізгі тізгіні белгіленуі үшін әлі де болса бірнеше сайыс өткізу керек болады. Бірақ бүгінгі күннің өзінде біз болашағы бар 12 баланы көздеп алдық, олармен жұмыс жасайтын боламыз. Біз бүгінгі жеңістер – бұл тек қаланың құрамасына, кейіннен – ұлттық командаға  деген жол ғана емес, бұл болашақ Олимпиадаларға деген жол деп есептейміз.  
Жарыстар қорытындылары бойынша келесі атлеттер жеңімпаздар және жүлдегерлер болды. 12-14 жастағы ұлдар арасында 04:47 минут нәтижесімен алтын медальді Александр Тен иеленді, осы санатта қыздар арасында жеңімпаз Алена Сергазина болды. Ол екі қашықтықты 07:42 минутта бағындырды. 


21-33 жастағы ересектер арасында 25:43 минут нәтижесімен Рауан Ниетбай үздік атанды, ал қыздар арасында 24:53 минут уақытпен ең бірінші болып Жанель Надирова мәреге жетті. Жүлдегерлер медальдар және дипломдармен марапатталды.